- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл сайын Алматы ЖОО-ларын шамамен 43 мың жас маман тәмамдап шығады – Есімов
Жыл сайын Алматы ЖОО-ларын шамамен 43 мың жас маман тәмамдап шығады – Есімов
Алматы әкімі Ахметжан Есімов «Тұран» университетінің студенттерімен кездесті. Шаһар басшысы мұндай диалогтың мәні зор екенін атап өтті.
«Алматы – жастар мен студенттер қаласы. Мұнда қазақстандық негізгі жоғарғы оқу орындары шоғырланған және шаһарда еліміздің әрбір үшінші студенті тәлім алуда. Бүгінде еліміздегі ғылыми ұйымдардың 36% және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін мамандардың 41% біздің шаһарда. Жыл сайын Алматыдағы жоғарғы оқу орындары 43 мыңнан астам маман даярлап шығаруда», - деді Ахметжан Есімов.
Шаһар басшысы Елбасының саясаты арқасында жастарды қолдауға үлкен мән берілетінін, жас мамандардың өрен болып қалыптасуына барлық жағдай жасалғандығын жеткізді. Мысалы, әрбір үшінші студент мемлекеттік грант есебінен білім алуда, халықаралық бағдарламаларға қатысуда, Президенттік «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алуда, әлеуметтік жағынан қорғалатын топтың дарынды жастары университеттерде гран есебінен оқуда.
Сонымен қатар, қала әкімі жұмыспен және баспанамен қамту сынды өзекті мәселелерді шешу жолында Алматыда өз тиімділігін дәлелдеген бірқатар маңызды бағдарламалар жұмыс істеуде екенін атап өтті.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, диалог барысында “Тұран” университетінің студенттері шаһар басшысына қаланың негізгі даму бағыттарына байланысты сауалдарын қойды. Олар – туризм саласы, Индустриалды аймақтың құрылуы, Инновациалық технологиялар паркінің жобалары. ЖОО шәкірттері Алматының инвестициялық қабілетіне, экологияның жақсаруы, жастарды қолдау және т.б. мәселелерге баса назар аударды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды