- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық 36 инженер-техникалық маман Германияда оқып қайтады
Қазақстандық 36 инженер-техникалық маман Германияда оқып қайтады
Мамандарды даярлау Қазақстанның кәсіпорындарында өндірісті ұйымдастыру деңгейін арттыру жөніндегі озық тәжірибені игеруге бағытталған. Стажировкадан өтушілер жетекші оқыту орталықтарында практикалық жаттығуларға қатысады, Германияның озық кәсіпорындадарында оқытылады, немістік өндірісте ең жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін зерттеп, үйренеді, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігі.
Оқытудың мазмұны қазақстандық кәсіпорындардың қажеті мен мұқтаждығын ескере отырып жасалады. Бүгінгі таңға оған SAP автоматтық басқару, энергия үнемдеу, сапаны басқару, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, экологиялық менеджмент, өндірістік логистика және басқа бағыттар енгізілген.
Инженер-иехник кадрларының стажировкадан өткізу бағдарламасын жалпы іске асыруды ҚР инвестиция және даму министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы (ХБО) және Германияның Халықаралық Ынтымақтастық жөніндегі Қоғаммен бірлесіп (GIZ) 2013 жылдан бастап атқарып келеді.
Бұл бағдарлама жоғары инженер-техник білімі бар, жалпы өтілі 3 жылдан кем емес және мамандығы бойынша өтілі 12 айдан кем емес басқарудың орта буынғы инженер-техниктеріне арналған.
2013 жылы инженер-техник қызметкерлеріне арналған стажировкадан машина жасау кәсіпорындарының 19 қызметкер сәтімен өтіп шықты. Ол кәсіпорындардың ішінде «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ, «Азия Авто» АҚ, «Семипалатинский машиностроительный завод» АҚ, ТОО ИП «Борусан Макина Казахстан» ЖК ЖШС, «Карагандалифт» ЖШС, «Жигермунайсервис» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Кентауский Трансформаторный завод» АҚ және басқалары бар.
Сонымен қатар, «құрылыс материалдарын шығару» бағыты бойынша топқа қабылдау жалғастырылуда. Оған қатысушылар стажировкадан 2015 жылғы наурыз айында өтетін болады.
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қазақстанда қандай мамандықтарға сұраныс жоғары -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды