Ақтөбе облысында ЖҚЖК іске асыруға 4,8 млрд теңге бөлінді

31 Қазан, 2014 19:06
Ақтөбе облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд теңге бөлінді, деп мәлімдеді бүгін облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова аппарат жиынында.

Облыс әкімі орынбасары Мұхтар Жұмағазиев облыстағы ауыл шаруашылығының қазіргі күйі туралы айтты. Ору науқанының аяқталғанын баяндай келіп, астық жиын-терімінің жалпы көлемінің 149,6 мың тонна болғанын мәлімдеді. Соның ішінде бидай көлемі 122,4 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар 90,2 мың тонна картоп пен 65,8 мың тонна көкеніс жиналған. Жем-шөп дайындау жұмыстары туралы айта келіп, облыс шаруаларының 1,8 млн тонна мал азығын дайындап қойғанын тілге тиек етті. Бұл жалпы жоспардың 109,8%-ын құрайды.

Өңірдің әкімдігінен хабарлағандай, келелі кеңесте бюджет қаражатының игерілу мәселесі де маңызды болды. Облыстық қаржы басқармасының мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылдың 27 қазанындағы жағдай бойынша шығындарды орындау 92,1% құрады. Жыл соңына дейін тағы 27 млрд теңге игерілуі керек.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бюджеттік қаржыны игеруге бағытталған шараларды  қабылдауды талап етті. Сондай-ақ, ол ай сайын бюджеттік бағдарламалар бойынша несиелік және дебиторлық жұмыс бойынша мониторинг жүргізіп отыруды талап етті.

 

Барлық жаңалықтар