- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Әбдіров: ҚР-да тәрбилеудің барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы әрекеттің стандарттары анықталуы керек
Н.Әбдіров: ҚР-да тәрбилеудің барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы әрекеттің стандарттары анықталуы керек
Оның пайымынша, бүгінде қоғамның жемқорлық белгілеріне деген немқұрайлылығы үлкен қоғамдық проблемаға айналды. «Жемқорлық - ол құндылықтар дағдарысы, себебі ол халық үшін заңды белінен басып мәселені шешудің ыңғайлы жолына айналды. Сондықтанда елімізде тәрбилеудің барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы әрекеттің стандарттары анықталуы керек»,- деді Құқықтық кеңестің төрағасы.
Сонымен қатар ол, 2025 жылға дейінгі жемқорлыққа қарсы бағдарламасы туралы кеңінен әңгімелеп берді. «Бағдарламаны жасақтаумен айналысқан жұмыс тобы оның тілінің әр Қазақстан үшін жеңіл болуы үшін бар күшін салды. Біз алғаш рет бағдарлама аясында «жемқорлыққа қарсы мәдениет» түсінігі туралы айтамыз. Жалпы біз тәрбиенің барлық кезеңдерінде жемқорлыққа қарсы әрекеттің стандарттарын анықтауымыз керек. Егер біз жас ұрпақтың санасына жемқорлықты жат әрекет ретінде сіндірмесе, болашақта жағдайымыз жақсарады деп айту қиын», - деп баса айтты Н. Әбдіров.
Оның айтуынша, жемқорлық деңгейі төмен мемлекеттің тәжірибесін зерттеу барысында алдымызда әлі көп жұмыс тұрғанын түсінеміз. Ал, мемлекет өз кезегінде әлеуметтік қысымды шешуі керек.
«Осы ретте бір-бірімен тығыз байланысты және уақыт талабы бойынша «жемқорлыққа қарсы әрекет туралы», «Қоғамдық бақылау туралы» және «Ақпаратқа қол жетімділігі туралы» жаңа заңдарды қабылдау керек», - деп толықтырды ол.
Бұдан басқа, жұмыс тобының жетекшісі бағдарламаның мақсатын мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік сыңайлы секторға бақылау орнату екенін тілге тиек етті.
«Бұл бағдарламаны ерекшелігі ретінде мониторинг жүйесін атап өтсе болады. Ол үшін нақты индикатор жасақталды. Оның бір өзіне тән ерекшелігі жыл сайын «Жемқорлықты қабылдау бойынша ұлттық индексті» анықтау болып табылады. Баяндама мен Ұлттық индекс БАҚ жарияланатын болады», - деп түйді Нұрлан Әбдіров.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды