- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақтелеком» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша қазақ әндері байқауын ұйымдастырды
«Қазақтелеком» АҚ Мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасы бойынша қазақ әндері байқауын ұйымдастырды
«Байқау қазақ ән өнері шығармашылығы мен халықтық дәстүрлерін дамыту, корпорациялық рухты құру мақсатында компанияның 20 жылдығына байланысты мерейтой шаралары аясында ақпарат пен байланыс қызметкерлерінің кәсіподағы қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылуда. Ән өнері байқауының ақтық сынында «Қазақтелеком» АҚ жиырмадан астам қызметкері атақты халық әндері мен заманауи өнер туындаларын көпшілікке паш етті», - деп хабарлайды «Қазақтелеком» АҚ.
«Қазақтелеком» АҚ ұйымдастыру-бақылау департаменті директоры Нағия Смағұлованың айтуынша, компанияның мерейтой жылында байланысшылар арасында дәстүрлі байқау форматын өзгерту туралы шешім қабылданып отыр. Бұрындары өзге ұлт өкілдерінен шыққан біздің қызметкерлер мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша сынға түссе, биыл халықтық мұраны насихаттау мен әріптестеріміздің шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ән-күйден байқау ұйымдастыруды қолға алып отырмыз. Айта кету керек, қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ жұмыскерлерінің 70 пайыздан астамы мемлекеттік тілді меңгерген», - дейді.
Айта кетерлігі, «Телеком жұлдыздары» атты қазақ әндерін орындаушылар байқауы 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік тіл саясатын ескере отырып дайындалған Мемлекеттік тілді енгізу мен дамыту бағдарламасын іске асырудың бір шарасы болып табылады.
«Қазақтелеком» АҚ хабарлауынша, аталмыш бағдарламаны іске асыру аясында жыл сайын мемлекеттік тілді енгізу бойынша құжаттарды қос тілде дайындау мен мамандарды дайындауды қамтамасыз ететін компания қызметкерлеріне арналған көшпелі семинарлар өткізіледі. Қазіргі таңда бөлімшелердегі жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100 пайызды құрайды. Ал орталық аппараттағы бұл көрсеткіш 98,2 пайыз деңгейінде. Соңғы үш жылда «Қазақтелеком» АҚ 6000 қызметкері «KazTest» мемлекеттік көпдеңгейлі стандарт бойынша қазақ тілін оқыту курсынан өткен.
Байқау нәтижесі бойынша бірінші орын Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясынан (ОТД) келген Аманжол Әбуов пен Эльмира Мырзағалиқызы дуэтіне берілді. Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысынынан келген Асқар Тұраев пен Маңғыстау ОТД атынан келген Балия Иламанова мен Айнұр Демесінова дуэті бөліссе, ОҚО ОТД атынан келген Дархан Көшікбаев үшінші орынды ұтып алды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция