- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазТрансОйл СҚО-дағы 185 км транзиттік құбырды қайта жөндеуден өткізеді - әкімдік
ҚазТрансОйл СҚО-дағы 185 км транзиттік құбырды қайта жөндеуден өткізеді - әкімдік
Кездесудің ашылуында сөз сөйлеген Ерік Сұлтанов атап өткендей, аймақ экономикасының табысты дамуы - аймақтың өсіп өркендеуінің кепілі. «ҚазТрансОйл» компаниясы мұнай тасымалдайтын еліміздегі ірі компаниялардың бірі, ол елімізде өндірілетін «қара алтынның» 60% тасымалдайды және дәл осындай компаниямен ынтымақтастық орнату әр аймақ үшін тиімді болмақ.
Аталып өткендей, аталмыш компания СҚО инвестициялық жобасын жүзеге асырмақшы, Атап айтар болсақ, ол ұзындығы 185 шақырым құбырға қайта жөндеу жұмыстарын жүргізбекші.
«Біздің зауыттар мен кәсіпорындар белсенді қатысатын болады. Әлеуметтік мәселелерге де аз көңіл бөлінбейді», - деді Ерік Сұлтанов.
«СҚО аумағында Қазақстан үшін маңызды мұнайқұбыры «Тұймазы - Омбы - Новосибирск», орналасқан, ол арқылы ресейлік мұнай біздің мұнай өңдеу зауыттарымызға түседі, кейіннен ҚХР жөнелтіледі. Бүгінде бұл көлем 7 млн тоннаны құрайды, тараптар бұл көлемді болашақта 10 млн тоннаға жеткізуді қарастыруда. Осы ретте біз қуаттылықты 12 млн-ға дейін артыру үшін мұнай құбырының желілік бөлігін ауыстыруды бастадық», - деп баса айтты Қ.Қабылдин.
Бүгінде Солтүстік Қазақстанда 40 км мұнайқұбырын қайта құру жұмыстары басталып кетті. 2015 жылы тағы 150 км мұнайқұбырына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Инвестиция көлемі 29 млрд теңгені құрады.
«Бұдан басқа біз 50 жыл бойы жұмыс істеп келген ескі мұнайайдау станциясының орнына жаңасын салғымыз келеді. Ол Петерфельд ауылында орналасқан. Біз технология мен құрал жабдықтарды жаңасына ауыстыратын боламыз», - деп атап өтті ол.
Кездесу соңына қарай облыс әкімі Е.Сұлтанов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Қ.Қабылдинмен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға отырды.
-
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
COVID-19: Вакцина алғандар қайта вирус жұқтыруы мүмкін бе -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек -
Елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі қайта өзгерді -
Мамин қайтадан Премьер-министр болып тағайындалды -
COVID-19: Ұлыбританияда қайтадан локдаун, Токио төтенше жағдай жарияламақ -
ХҚО-да өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы қайта жанданды -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр -
Әлемдегі эпиджағдай күрделі: Франция мен Германияда қайтадан карантин жарияланды -
Жұмыспен қамту: Қайтарымсыз грант алу, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары