• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы тұрғын үйлерінде ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 85 жеделсаты ауыстырылды

Алматы тұрғын үйлерінде ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 85 жеделсаты ауыстырылды

31 Қазан, 2014 16:48
Алматыда Тұрғын үй-коммуналды шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аяқталуда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 34 үйдегі 85 жеделсаты алмастырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

«Жыл соңына дейін 700 млн теңгеге 116 үй жөндеуден өткізіледі. Өткен жылдың желтоқсанынан бері 34 үйдің 85 жеделсатысы алмастырылды», - делінген хабарламада.

Алматы қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы бөлімінің бас маманы Жандос Қайырхановтың айтуынша, 91 үйде блоктық жылу пунктерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Қалған үйлерде де инженерлік желілерді алмастыру мен кіреберістерді жөндеу жұмыстары қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, ТКШ жаңғырту бағдарламасын Үкімет 2011 жылы қабылдаған. Бағдарлама 2020 жылға дейін есептелген. Онда электр-газбен қамту желілерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары мен энергияүнемдегіш технологиялар енгізу қарастырылған.

 

 

Барлық жаңалықтар