• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ШҚО-да волейболдан турнир өткізді

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы ШҚО-да волейболдан турнир өткізді

31 Қазан, 2014 16:03
Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында волейболдан «Нұр Отан» партиясының ШҚО бөлімшесінің сыйлығы сарапқа салынды, деп хабарлайды өңірдің ақпараттық орталығы.

«Аталмыш шара бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлық, маскүнемдік пен шылымға деген әуестіктің алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда. Шараға елдің күшті деген командалары, атап айтар болсақ, Оралдан «Конденсат-Жайық Мұнай», Хромтаудан «ТНК Қазхром», Петропавлдан «Есіл» және «Тараз», «Алматы», «Павлодар» командалары бақ сынасты. Алаң иелері «Шығыс-Свинец Құрылыс» та өз бағын сынап көрді», - делінген хабарламада.  

Ақпараттық орталықтың хабарлауынша, бірінші орын Павлодар қаласының спортшыларына бұйырса, екінші орынды Алматы командасы алды. Үшінші орынды жергілікті «Шығыс-Свинец Құрылыс» командасы иеленді. «Нұр Отан» партиясының жергілікті бөлімшесі жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстады.

Айта кету керек, ерлер арасында волейболдан республика бойынша өткізілетін Кубок елдегі ең ірі шаралардың бірі болып табылады.

Барлық жаңалықтар