- Басты
- Жаңалықтар
- Қостанай облысында жыл соңына дейін 8,5 мыңнан астам автокөлік шығарылады
Қостанай облысында жыл соңына дейін 8,5 мыңнан астам автокөлік шығарылады
31 Қазан, 2014 12:24
Өңірде 2011 жылы 869 көлік шығарылса, 2013 жлы бұл көрсеткіш 7,5 мыңға ұлғайды. Енді 2014 жылы облыста 8,5 мыңнан астам көлік шығару жоспарланып отыр, деп мәлімдеді бүгін облыс әкімі Нұралы Садуақасов ОКҚ брифингінде.
«Егер 2011 жылы 900 жеңіл көлік жиналса, 2012 жылы 2,5 мың көлік шығардық. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 7,5 мыңға дейін жетті. Енді биыл жыл соңына дейін тағы 8,5 мың көлік жинау жоспарланып отыр. Зауыттан күн сайын SsangYong, Iveco, Peugeot, Hyundai, Toyota секілді атақты модельдердің автокөліктері шығарылады. Алдағы уақытта бұлардың қатарына қытайлық көліктер де келіп қосылуы мүмкін», - дейді әкім.
Айта кету керек, Қостанай облысында машина құрастыру саласы жыл санап қарқынды дамып келе жатыр. 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында өңдеуші саладағы осынау сектордың үлес салмағы 22,6% (38,7 млрд теңге) құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 11,2 % (20,1 млрд теңге) артық.
Индира Қауметова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі