- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазАгро АӨК субъектілерін Қаржылық сауықтыру бағдарламасын орындап тастады
ҚазАгро АӨК субъектілерін Қаржылық сауықтыру бағдарламасын орындап тастады
Республиканың АӨК-де үлкен несиелік қарыздың проблемаларына тап болған 290-нан астам шаруашылықтар мен агроқұрылымдар қаржылық сауықтыру рәсімінен өтуге мүмкіндік алды.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі - агробизнес субъектілерінің қарыздық жүктемесін төмендету бойынша шаралардың қаржылық агенті «Агробизнес 2020» бағдарламасының мақсаттық индикаторының толық орындағанын хабарлайды, осыған қатысты 300 млрд.теңге сомасы қарыздарды қайта қаржыландыру мен қайта құрылымдау қарастырылған», - делінген хабарламада.
2013-2014 жылдар аралығында қаржылық сауықтыру бойынша шаралар шеңберінде 11 мекеме аралық Комиссия отырыстары өткізілді, оның құрамына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР АШМ, «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді.
Комиссия шешімімен АӨК-нің 312,9 млрд. теңге сомасына негізгі қарызы бар 292 субъектілерінің өтінімдері мақұлданды. Бұл көрсеткіштің 245,3 млрд.теңге негізгі қарыз жиынтық сомасына 126 АӨК субъектілері «ҚазАгро» Холдингі» АҚ қорландыруы қаражаты есебінен мақұлданды. Қорландырудың 237,5 млрд.теңге көлеміндегі ең көп бөлігі ҚазАгро холдингімен 4,5 ай ішінде орналастырылғанын атап өктен жөн, бұл Холдинг пен Қаржылық институттардың жөнге салынған жұмысы мен өзара әрекеттестігін куәландырады.
Сауықтыру рәсімін өткізу үшін Ұлттық холдинг қорландырған қаржылық институттардың ішінде екінші деңгейлі бірқатар банктер, сонымен қатар АӨК саласында несиелік-лизингтік қызмет атқаратын - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ холдинг құрамындағы екі даму институттары бар. Жалпы қаржылық сауықтыру бағдарламасында Қазақстанның 15 қаржылық институттары қатысты.
«ҚазАгро» мамандарының айтуы бойынша қаржылық сауықтыру бойынша өткізілген шаралардың негізгі ерекшеліктерінің ішінде - 2,9 млрд.теңге сомасына мақұлданған қарызгерлер бойынша айыппұлдар мен өсімақыларды есептен шығару болып табылады.
Сонымен қатар холдинг мамандарының айтуынша бағдарламаның арқасында 25 мыңнан астам тұрғылықты жұмыс орындарын сақтап қалу және агроөндірісте 5 млн.гектардан астам жерлерді қолдану жоспарлануда.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қазақстандықтар карантин жағдайында ДСМ ұсыныстарын қалай орындап жүр -
«Болашақ» бағдарламасына құжат тапсыру мерзімі мен жаңа талаптар -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 2 бөлім -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
АӨК-ні дамыту: Өңделген өнім экспортын арттыру, субсидия көлемін ұлғайту және қолдау шаралары
-
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғаяды -
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі