ШҚО-да жылына 100 млн жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы іске қосылады

31 Қазан, 2014 15:03
2015 жылы ШҚО-да өнімділігі жылына 100 млн жұмыртқаны құрайтын құс фабрикасы пайдалануға беріледі. Бұл туралы ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаевтың ҚХР келген делегациямен кездесуі барасында белгілі болды.

ШҚО-да аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың  Синьзяндық «Сан Бао» сауда-өндірістік  корпорациясының президенті Кан Хапинмен жылдық өнімділігі 100 млн жұмыртқаны құрайтын құс фабрикасының құрылысу туралы ресми келіссөзі  өтті, деп ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлады.

Фабрика аз уақыт ішінде Ұлан ауданының Айыртау  ауылында бой көтеретін болады, оның құрылысына жергілікті жұрт тартылады. Айта кетерлік жайт, құрылыс материалдары отандық өнім болмақ.

«Біз корпорацияның жұмыс істеуіне барлық жағдай жасаймыз. Менің ойымша екі тарапта  ертерек құс фабрикасының пайда болғанынан мүдделі», - деді Б. Сапарбаев.

Сонымен, Кан Хапиннің айтуынша, құрылыстың 90% табысты болған жағдайда жергілікті халық жұмысқа алынады.

«Құрылыс алты ай ішінде, ал екіжақты келісімді жасақтау қыста аяқталады. Сіздерге түсіністік танытып, жобаны бірге жүзеге асыруға келіскендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз», - деді корпорация президенті. 

Барлық жаңалықтар