- Басты
- Ж.Сәлімов: «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 7 мың түлек елімізде еңбек етуде
Ж.Сәлімов: «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған 7 мың түлек елімізде еңбек етуде

«Қазіргі таңда еліміздегі ірі компаниялар «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелден оқып қайтқан мамандарға деген сұранысты арттырып отыр. Жалпы, бағдарлама ашылғалы бері 10 мыңдай адам шетелге оқуға аттанса, қазіргі таңда солардың 7 мыңы елге оралып әр салада еңбек етуде. Атап айтар болсақ, олар негізінен мемлекеттік қызметтерде екені көңіл қуантады. Ал сол түлектердің нешеуі жұмыссыз жүр дегенге келер болсақ, бұл көрсеткіш шамамен 8-10 пайыз деңгейінде. Жалпы бұл бір жағынан заңды нәрсе, өйткені шет елдің үздік оқу орындарын тәмамдап қайтқан адамның анау-мынау жерде жұмыс істегісі келмейтіні түсінікті», - дейді ол.
Оның айтуынша, стипендия түлектерінің жұмыссыздық кезеңі ары кетсе 2-3 айға ұласады, одан кейін көбісі өз саласы бойынша жұмысқа орналаспақ.
«Бастапқы кездері бағдарлама бойынша негізінен заңгер және экономист мамандар дайындалды. 2006 жылдан бастап бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, техникалық мамандықтарға басымдылық берілді. Нәтижесінде қазіргі таңда стипендия бойынша білім алып жатқан жастардың 60 пайыздан астамы инженер, химик, мұнай-газ маманы, энергетик екені анық», - дейді.
Сонымен қатар, ол соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасының бакалавр дәрежесі жабылып, магистратура мен PhD докторларын дайындайтынын еске салды. Одан бөлек, оның айтуынша, тек оқуға емес, еңбек етіп жатқан мамандардың да шетелдерде тағылымдамадан өту мүмкіндігінің бар екенін айтты. Мысалға, БАҚ қызметкерлерінің BBC мен CNN секілді ақпарат саласының алпауыттарында біліктіліктерін жетілдіруге мүмкіндіктерінің бар екеніне тоқталды.
Бауыржан Мұқанов
-
Антикор: Жыл басталған екі ай ішінде 48 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін ұсталды
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
Алматыда 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады
-
Түзету мекемелерінде сотталғандармен жұмыс қалай жүргізіледі
-
ЖОО-дағы өзгеріс: Жеке үлгідегі диплом, білім беру бағдарламаларын жаңарту мәселелері
-
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты
-
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған
-
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды
-
Елге өзгеріс әкелмесе, мыңдаған мадаққа толы мақаладан еш қайыр болмайды – Тоқаев

