- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен ИЫҰ өзара ықпалдастық мәселелеріне зор мән беруде – СІМ
Қазақстан мен ИЫҰ өзара ықпалдастық мәселелеріне зор мән беруде – СІМ
«Министр Қазақстан ИЫҰ-мен өзара тиімді қатынастар дамытуға зор мән беретіндігін айтып, бұл қатынастардың дамуына 2011-2012 жылдары Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалық етуі елеулі шабыт бергенін атап өтті. Қазақстандық төрағалық барысында жалпы 40-қа жуық іс-шаралар өткізілді, олар ИЫҰ күн тәртібі мен қызметін айтарлықтай кеңейте түсті», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Штаб-пәтері Астанада орналасқан Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын (ИАҚҰ) ашу мүмкіндіктері туралы сөз қозғап, Е. Ыдырысов ИЫҚ Бас хатшысына 2015 жылға жоспарланған Қазақстанның ИЫҰ министрлерінің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 7-конференциясын және ИАҚҰ Бас Ассамблеясының 1-ші отырысын Астанада өткізу туралы бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол, сонымен қатар, аталған шараларды сапалы өткізілуін қамтамасыз ету үшін 2015 жылы қаңтарда Джидда қаласында сарапшылар кездесуіне Қазақстанға көмек көрсетуге дайындығы үшін алғысын білдірді.
Е. Ыдырысов ИЫҰ экономикалық институттарының, соның ішінде Ислам даму банкі (ИДБ) қолдауының қазақстандық экономиканы реформалау мен дамытудағы зор ролін атап өтті.
Қазақстанның ТМД елдері арасында ИДБ-мен серіктестік бағдарламасын бірінші болып жасағаны еліміздің ИЫҰ-мен ықпалдастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. ҚР СІМ Басшысы Ислам қаржы және экономикалық институттарымен, соның ішінде ИДБ, Ислам сауда даму орталығы, Ислам сауда-өнеркәсіп палатасы, Статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер мен тренингтер бойынша ислам елдерінің орталығымен Қазақстан ынтымақтастықты белсендіруге ниетті екенін хабарлады.
««Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» тақырыбының аясында 2015 жылға жоспарланған ірі іс-шараларды өткізу мәселесіне сұхбат барысында ерекше көңіл бөлінді. Аталған іс-шаралар Қазақстанның ИЫҰ елдерімен гуманитарлық байланыстар мен тығыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге зор шабыт береді деп күтілуде», - деліген хабарламада.
ИЫҰ және Орталық Азия елдерінің арасында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты белсендіру мәселелері келіссөздердің негізгі тақырыбына айналды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары