- Басты
- Жаңалықтар
- Ю. Кучинская: Н. Назарбаевқа GIFA наградасын беру - ол Елбасының исламдық қаржыландыру саласындағы еңбегін мойындауды білдіреді
Ю. Кучинская: Н. Назарбаевқа GIFA наградасын беру - ол Елбасының исламдық қаржыландыру саласындағы еңбегін мойындауды білдіреді
«Біздің елімізде исламдық қаржыландырудың дамуын мемлекет пен Президенттің қолдауысыз елестету қиын, себебі ол заңдылық, экономикалық және қоғамның көзқарасы тұрғысынан алып қарағанда қиын процесс. Менің ойымша, Қазақстан дұрыс жол таңдады. Ол жаңашылдыққа қорқынышпен қараған жоқ және үйреншікті дүниеденде бас тартпады. Дәл осы нәрсе елімізде исламдық банкингті енгізуді табысты етті», - деді Ю. Кучинская.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан Ислам әлемімен ынтымақтастық орнатуда және оның әлемдік аренада позициясының нығаюына белсенді араласып келеді.
«Жасыратын жоқ, біздің елімізде тұратындардың басым бөлігі мұсылмандар және исламдық қаржыланыруға да сұраныс артып келеді. Алайда, халқымыздың белгілі бір бөлігі мұсылман емес және олар үшін исламдық банкинг діни акция болып табылады, осы ретте бұл жүйені енгізуді заңды тұлғалардан бастаған жөн болды. Бұл көзқарасты ақырындап дұрыс бағытқа өзгертуге септігін тигізеді және исламдық банкингтің тиімділігін нақты мысалдармен дәлелдейді», - деп сендірді ол.
Ю. Кучинскаяның айтуынша, исламдық қаржыландыруды елімізде енгізудің алғашқы қадамы 1997 жылы жасалды, ол кезде Алматыда Ислам даму банкінің аймақтық кеңсесі ашылды. Содан соң исламдық қаржыландыру жүйесін отандық банк құрылымдары қазақстандық экономиканың шынайы жағдайында сынақтан өткізді.
«Ал, 2007 жылы Қазақстанда бірінші ислам банкі «әл-Хиляль» ашылды. Ал, 2009 жылы Қазақстанда исламдық қаржыландыру туралы заңнамалық база жасақталды. Жалпы, бүгінде Қазақстанда исламдық қаржыландырудың жүйесі толығымен қалыптасты», - деп атап өтті Ю. Кучинская.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады