- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда болашақтықтарды жұмыспен қамтамасыз ететін «Мансап» орталығы құрылды – Е.Мақашев
Қазақстанда болашақтықтарды жұмыспен қамтамасыз ететін «Мансап» орталығы құрылды – Е.Мақашев
«Өкінішке қарай қазіргі таңда болашақтықтардың жұмыссыз қалу мәселесі әлі де болса шешіліп біткен жоқ. Дегенмен, 2009 жылдан бері бүгінгідей жыл сайынғы «Болашақ» қауымдастығы бос жұмыс орны жәрмеңкесін өткізуді әдетке айналдырды. Бұл шараға ұлттық және халықаралық компаниялар мен жеке меншік кәсіпорындардан құралған түрлі жұмыс берушілер қатысады. Бүгін осында 40 компания өкілдері келіп, өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынуда. Оған шамамен 500-дей жұмыс іздеуші қатысады деп күтілуде», - дейді қауымдастықтың атқарушы директоры.
Оның айтуынша, қауымдастықтың 2001 жылдан бастап жұмыс істейтінін ескерсек, осы уақыт аралығында көптеген стипендияның көптеген түлектері оқуларын аяқтап келгенімен, жұмыс табу кезінде қиындыққа ұрынбауы үшін «Болашақ» қауымдастығы бүгінде «Мансап» орталығын ашып отыр. Ол өз кезегінде жұмыспен қамту мақсатында бітірген түлектермен тікелей жұмыс істемек.
Аталған шараға 40 астам кәсіпорын бос жұмыс орындарын ұсынады. Атап айтқанда, «Эйр Астана» әуе компаниясы, «COSMIKazakhstan» ЖШС, Назарбаев Университеті, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ, BI-Group, ««Хабар» агенттігі» АҚ және т.б.
Бауыржан Мұқанов
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады