- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 83 отбасы ескі үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге ие болды
Алматыда 83 отбасы ескі үйлерді бұзу бағдарламасы бойынша жаңа пәтерлерге ие болды
Мегаполис басшысы 1930-1960 жылдары салынған, әбден тозығы жеткен үйлерді бұзу арқылы жүзеге асатын бұл бағдарламаның өміршеңдігін атап өтті. Мысалы, осы бағдарлама қолға алынған 2012 жылдан бастап 23 жаңа тұрғын үй салынды, үстіміздегі жылдың соңына дейін 400 отбасы жаңа пәтерге көшетін болады.
«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы арқылы қолға алынған ескі үйлерді бұзу бағдарламасы тек Алматыда ғана емес, жалпы ел көлемінде пилотты жобаға айналды. Бағдарлама өзінің өте тиімді екендігін іс жүзінде көрсетті, қалалықтар дән риза. Осының барлығы бұрынғы параметрлерді қайта қарап, олардың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Ахметжан Есімов.
Әкім Бағдарламаны жүзеге асырудың қаржылық жолының әрқилы екендігін айтты. Мысалы, II Алматы Инвестфорумында «Бәйтерек» қорымен 10 млрд теңге бөлінетіндігі туралы келісімге қол қойылған болатын. Бұдан өзге болашақта бұл іске жеке инвесторлар да қатысады деген үміт бар. Жалпы, алғашқы кезде қаржыландыру 20 млрд теңге болуы тиіс.
«Бұлардан өзге біз өзіміздің қалалық күрделі құрылыс кәсіпорнының 5 млрд теңгесін пайдаландық, келер жылы да дәл осы көлемде ақша бөлінетін болады, ол муниципиалды облигацияларды шығару және бағалы қағаздарды өткізуден түсетін қаржы. Біз өз қаржыларын салуға ниет білдіріп отырған жеке инвесторларға қолдау көрсетеміз. Осылайша, 2020 жылға дейін бірден 2 міндетті шешеміз, олар - ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй құрылысын дамыту», - деді Ахметжан Есімов.
Назарларыңызға, Алматыда пилотты бағдарлама бойынша 67 тұрғын үй салынады. 2013 жылы 7 тұрғын үй салынды, бұлардағы пәтер саны 197, олардың жалпы алаңдары 9,5 мың шаршы метр. Биылғы 2014 жылы (503) пәтері бар 17 тұрғын үй салынды. 2015 жылы 29 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Қазіргі кезде Алматыда 943 үй әбден тозығы жеткен ескі үй деп танылған.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру