- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарлық ЖОО Еуропалық Университеттер Қауымдастығының құрамына өтті
Павлодарлық ЖОО Еуропалық Университеттер Қауымдастығының құрамына өтті
«Еуропалық университеттер ассоциациясы (ЕУА) – Еуропадағы жоғары оқу орындары қауымдастығының бас өкілі. ЕУA – бұл 46 мемлекеттегі 850-ден астам жоғары оқу орындарын біріктіретін ұйым. ЕУА университеттердің әртүрлі іс-шаралар: саяси диалог, конференциялар, семинарлар, мазмұнды әрі мақсатты жобалар ұйымдастыру арқылы еуропалық сападағы жоғары мектептер қатарына қосылуына себепші болады», - делінген хабарламада.
Ассоциация шеңберінде жоғары оқу орындарының әріптестігі, ақпаратпен алмасуы және бірлескен зерттеу жобаларын өткізуі қамтамасыз етіледі. ЕУA бұл салада өзінің бірегей білімі мен қатысушылардың алуан түрлілігі арқасында Еуропадағы жоғары білім және ғылыми-зерттеушілік қызмет бейнесін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
ЕУА-нің басты миссиясы әрбір ЖОО-ның дамуына және жалпы оқу үрдісіне ықпал ету болып табылады. Бұл бірқатар шаралардың орындалуымен жүзеге асады. Мысалы, ЖОО бағалау бағдарламасы, бағалауды келісу, тематикалық конференциялар мен университет басшыларына арналған семинарлар сынды шараларды өткізу.
ЕУА жобалары университеттерді Еуропаның барлық жоғары мектептерімен біріктіріп, стратегиялық салаларын және ЕУА саяси бағытын нығайтуға бағытталады. Сонымен қатар, ЕУА Балон үрдісіндегі университеттік сектордың ресми өкілі ретінде көптеген жұмыс топтары мен кеңестік ұйымдардың жұмысына қатысады. Ассоциация жоғары оқу ордаларының көзқарасын ұсынып, Еуропалық комиссияға университеттің зерттеу стратегиясына қатысты мәселелер бойынша кеңес береді. Сондай-ақ, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО-мен тығыз қызметтік байланыс орнатады.
ЕУА мүшелері ақпарат тарату, баяндамаларды жариялау және іс-шараларды ұйымдастыру арқылы арнайы білім алады. Мұнымен қоса, бұл білім ЕУА-ның Еуропа мен басқа да шетел мемлекеттері аудиториялары үшін еуропалық университеттердің ағымды реформалары туралы ақпаратты таратуда маңызды рөл атқаратындығын көрсетеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
Мәскеуде Қазақстан мен Ресей әріптестігінің 30 жылдығына орай конференция өтті -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Елордада «Абай» альбомының тұсаукесері өтті