Атырау облысында 125 млн теңгеге аудандық ветеринариялық зертхана ашылды

30 Қазан, 2014 17:33
Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы селосында «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны аймақтық бөлімшесінің ветеринариялық зертханасы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Зертхана құрылысына республикалық бюджеттен 125 миллион теңге қаржы бөлінді.

Аталған зертханада 11 қызметкер бар, оның үшеуі – жоғары білімді мамандар, екеуі – ветлаборант, қалғаны – жануар күтуші, ветсанитарлар.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында бір жоғары білімді дәрігер және төрт қарауыл қызметкері жұмысқа тартылған.

 

 

Барлық жаңалықтар