• Басты
  • 72 жоба ҮИИД МБ-2 аясында шығаратын өнімі бойынша бағаланады
30 Қазан, 2014 16:17

72 жоба ҮИИД МБ-2 аясында шығаратын өнімі бойынша бағаланады

Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемелкеттік бағдарламасы аясында 72 жоба шығарылатын өнімі бойынша бағаланады. Бұл туралы бүгін Strategy 2050.kz агенттігіне берген сұхбатында ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Біржан Қанешов мәлімдеді.

72 жоба ҮИИД МБ-2 аясында шығаратын өнімі бойынша бағаланады | Strategy2050.kz

Ел экономикасын дамыту мен отандық өнім мен қызметтердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында жобалардың шығарылатын ақырғы өнімі бойынша 2015 жылға арналған техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптарына  сәйкестігі бағаланады.

Өз кезегінде жобаларды бағалау мемлекет пен инвесторлардан тұратын жобаларды іске асыру қызығушылығын анықтау мақсатында жүзеге асырылуда.

«Жобаларды техникалық реттеу және метрология жүйесі талаптарының сәйкестігін бағалау арқылы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кедергі келтіретін кедергілер мен мәселелер  анықталып, өндірісті қолдау бойынша шаралар кешені анықталады», - дейді Б.Қанешов.

2015-2019 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына қарастырылған 72 жоба сарапшылар бағалауына ұсынылады.

«Бағалау жұмыстары сәйкестігін мақұлдау органдары тарапынан сынақтық және калибрлік зертханалармен қамтамасыз етілуіне, техникалық талаптары мен стандарттарына дайындығы мен сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады. Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктердің жүзеге асырылуынан, соның ішінде өнім мен қызметтің шетелдік нарыққа және солармен бәсекеге қабілеттіліктеріне сәйкес өлшем бірлігін қамтамасыз етуді техникалық реттеу жүйесі бағалайды», - дейді комитет төрағасы.

Айта кету керек, аталмыш шараларды жүзеге асыру нәтижесінде отандық кәсіпорындар сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдер шығарумен қамтамасыз етілмек.

Индира Қауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды