• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Латын Америкасына ресми сапармен тұңғыш рет барады

ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшысы Латын Америкасына ресми сапармен тұңғыш рет барады

23 Қыркүйек, 2013 13:21
29 қыркүйектен бастап Қазақстанның ішкісаяси ведомство басшысының латынамерикалық сапары басталады, деп ОКҚ-ның отырыснда Алтай Абибуллаев мәлімдеді.

 «Бұл Қазақстан үшін тарихи сапар болмақ, себебі, Сыртқы істер министрі бұған дейін Латын Америкасында ресми сапармен болмаған», - деді А. Абибуллаев.

Оған қоса, ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Бразилия еліне барған тарихи сапары көптеген жетістікке әкелді. Мәселен, өткен жылы Бразилияда Қазақстанның елшілігі ашылды.

 «Латын Америкасы мен Қазақстан арасында ынтымақтастықты күшейту өте маңызды. Оған қоса, осы сапар барысында Қазақстан мен Латын Америка арасында мәдени-гуманитарлы бағытты дамытуға келісім орнатылады деп күтілуде», - деп түйіндеді ОКҚ-нің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

 

Барлық жаңалықтар