• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бейжіңде ҚР мен ҚХР үкімет басшыларының екінші кездесуін өткізу жайы талқыланды – СІМ

Бейжіңде ҚР мен ҚХР үкімет басшыларының екінші кездесуін өткізу жайы талқыланды – СІМ

30 Қазан, 2014 15:02
Бейжіңде Қазақстан-қытай сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар және Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөніндегі комитеттің Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша кіші комитетінің 7-мәжілісінде осы жылдың жылдың желтоқсанда ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцяннің Қазақстанға ресми сапары және ҚР мен ҚХР үкіметтері басшыларының 2-ші тұрақты кездесуін дайындау бойынша мәселелерді талқылады.

«Қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Асқар Мусинов, қытайлық делегацияны ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин басқарды.Консультациялар барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттестік бойынша пікір алмасты», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижелі дамуына қанағат білдіріп, үнемі өткізілетін сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге мүмкіндік беретін маңызды тетік болатынын айқындады.

«ҚХР СІМ жоғары өкілі Қытайдың трансшекаралық су ресурстарын бөлу туралы қазақстан-қытай үкіметтері арасындағы келісімді әзірлеу бойынша келіссөздерді 2015 жылдың басында бастауға әзірлігін растады.Сонымен қатар консулдық-визалық мәселелері көтерілді», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар