- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат 40 елге құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияны ратификациялады
Сенат 40 елге құқықтық көмек көрсету туралы конвенцияны ратификациялады
«Азаматтық процесс мәселелері конвенциясы азаматтық процесс мәселелері бойынша мемлекеттердің өзара қатынасы үшін әмбебап халықаралық құқықтық негіз құруға бағытталған. Онда сот және соттан тыс құжаттарды тапсыруға арналған мүше мемлекеттер мен дипломатиялық үкіметтердің құзіретті органдары арасындағы байланыстың қарапайымдатылған тәртібі анықталады», - дейді ҚР Әділет министрі Берік Имашев.
Министрдің айтуынша, Конвенцияға мүше мемлекеттердің әлеуметтік аз қамсыздандырылған азаматы азаматтық күйі жазбасы акттерінен мәлімет ала алады немесе Конвенцияға мүше өзге мемлекеттің аумағында тегін құқықтық көмекке қол жеткізе алады.
«Сонымен қатар, Конвенция өзге мемлекеттің сотына қатысатын басқа мемлекеттің азаматынан қандай да бір кепілдік немесе өзге де міндеттемелерді мойнына жүктеуге тыйым салады», - дейді.
Өздеріңізге де белгілі, Конвенцияның қазіргі таңда 48 қатысушы мемлекеті бар. Солардың тек 11 мемлекетімен ғана Қазақстанның құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық келісімі бар.
«Конвенцияның өз күшіне енуі Қазақстанның өзге де 37 мемлекетпен ынтымақтастық құруына мүмкіндік береді», - дейді министр.
ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің қорытындысында айтылғандай, Азаматтық процесс мәселелері конвенциясы 1954 жылдың 1 наурызында Гаагада құрылған.
Камила Амирова
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты