- Басты
- Жаңалықтар
- Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауында лауреат атанды
Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауында лауреат атанды
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» (ТДҰА) АҚ әр жылы өткізетін байқау екі аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды: «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» және «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі». 2014 жылы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындары осы екеуінен де лауреаттар қатарынан табылды.
Еліміз аумағында геологиялық барлау жобаларын жүзеге асырып келе жатқан «Волковгеология» АҚ кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі үшін бас жүлдені иеледі.
«Соңғы 13 жылда, 2001-2014 жылдар аралығында «Волковгеология» АҚ өнертапқыштық үшін 41 алдын-ала және инновациялық патент алған. Осынау кезең ішінде кәсіпорында енгізілген 138 өнертапқыштық ұсыныстар нәижесінде 216 млн теңгеден астам қаржы үнемделді», - делінген хабарламада.
«Жылдың үздік рационализаторлық шешімі» аталымында екінші орынды және 1 500 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісінің жаңашылдары – Александр Ангилевко, Николай Лебедев, Виктор Цораев және Геннадий Гайнцев жеңіп алды.
«Инженерлер идеясы модификациялау қосындысы ретінде иттрий тотығының орнына металл иттрийді қолдану жолымен тантал құймаларын өндіру технологияларын өзгертуді көздейді. Авторлар бұл технологияны енгізу өнім сапасын арттыруға –дайын тантал құймаларындағы оттегі қоспаларының салмақтық үлесін төмендетті. Сонымен қатар, иттрий тотығынан металл иттрийге ауысу реагенттер шығысына жұмсалынатын шығындарды анағұрлым төмендетуге жеткізетінін дәлелдеді», - деп хабарлады Ұлттық компания.
Жаңалықты енгізуден түсетін экономикалық тиімділік жылына 13 жарым миллионнан жоғары теңгені құрамақ.
«ҮМЗ» АҚ өнертапқыштарының республикалық байқаудағы алғашқы жеңістері бір бұл емес. 2011 жылы кәсіпорын «Кәсіпорындарда рационализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі» аталымында бас жүлдені алған болатын.
Айта кетейік, «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» байқауы елімізде осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. «ТДҰА» АҚ-дағылар айтқандай, 2014 жылғы байқаудың іріктеу турына 100 өтінім келіп түскен. Жеңімпаздарды анықтауда ұсыныстың жаңашылдығы, белгіленген экономикалық тиімділігі, техникалық шешімнің және ұсынылып отырған жаңашылдықты іске асыру механизмінің анық көрсетілгендігі ескерілген.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «жыл тұлғасы» атанды -
Strategy2050.kz бас редакторы «Үркер 2020» жеңімпазы атанды
-
Б. Сапарбаев Тараздағы құрылыс кәсіпорындарының жұмысымен танысты -
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды -
Қызылорда облысында 27 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы атанды -
Алматы облысының полицейі үздік атанды
-
Н. Назарбаев Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары мен талантты жастармен кездесті
-
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады -
«Домбыра» фильмі Үндістанда өткен фестивальде үздік атанды -
Қ.Тоқаев Қарағандының бірқатар кәсіпорындарын аралады -
Цифрландыру: Тау-кен кәсіпорындарын автоматтандыру қалай жүзеге асырылуда -
Рухани жаңғыру: Түркістан облысының жаңа кәсіпорындары