- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Мемлекеттік басқару академиясы мен TIKA арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Астанада Мемлекеттік басқару академиясы мен TIKA арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Кездесуде білім беру және ғылыми салалардағы екіжақты ынтымақтастық пен Академияның білікті профессорлық-оқытушылық құрамын Түркиядағы алдыңғы қатарлы ғылыми-оқыту институтына біліктілік арттыру мен Сот институты магистранттарын шет елдік тағылымдамаға жіберу мәселелері талқыланды.
«Осы кездесуде қазақстандық тарап TIKA қолдауымен Түркия Республикасындағы жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру тәжірибесін зерттеу бойынша бастамалар көтер3ліп, осы саладағы сарапшылар тәжірибесін алмасуды жолға қою керектігі айтылды. Сонымен қатар Академия басшылығы Түркиядан келген қонақтарды 2012 жылдан бастап TIKA-мен бірлесіп ұйымдастырып жатқан жұмыс нәтижесімен таныстырды», - деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, тараптар дамып келе жатқан ынтымақтастыққа жоғары баға берді. Әли Өзгүн Өзтүрік TIKA ұйымының бірлескен жобаларды іске асыруға жан-жақты қолдауға дайын екендігін білдірді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, TIKA мемлекеттік қызметкерлерді дайындау жүйесін жетілдіру мен дамыту саласындағы Академияның басты әріптестерінің бірі. TIKA қолдауымен тұрақты түрде Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары Түркияның алдыңғы қатарлы оқу орындарында біліктіліктерін арттырады. 2012 жылдың желтоқсан айында TIKA қолдауымен Академияда 36 орындық жаңа компьютерлік техникамен қашықтықтан оқытатын кабинет ашылды. Ал 2013 жылдың желтоқсанында заманауи типографиялық құрылғылармен қамтамасыз етілген мемлекеттік тілді оқыту мен аударма орталығы өз жұмысын бастады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді