• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның Үкімет Басшысы Серік Ахметов Сочи қаласының олимпиадалық спорт нысандарын аралады

Қазақстанның Үкімет Басшысы Серік Ахметов Сочи қаласының олимпиадалық спорт нысандарын аралады

23 Қыркүйек, 2013 15:05
Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысу үшін Ресей Федерациясына барған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Сочиде саммит басталар алдында бірқатар олимпиадалық спорт нысандарында болды.

С.Ахметов «Большой» мұз сарайын көріп, «Адлер-Арена» конькимен жүгіруден жабық кешеніне, «Айсберг» мұз спорт сарайына барды. 

Премьер-Министр спорт ғимараттарының сапасы мен жобалардың ауқымдылығын жоғары бағалады.

«Сочидің Олимпиадаға дайындығының ауқымдылығына қарап үлкен әсерде тұрмыз. Ойындардың жоғарғы деңгейде өтетініне күмәнім жоқ. Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуде табыстар тілеймін»,-деді Премьер-Министр.

Естеріңізге салайық, XXII қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылдың 7-23 ақпаны аралығында Сочиде өтеді.

Барлық жаңалықтар