- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға қарай елдің барлық ірі әуежайлары жаңартылады – Қасымбек
2020 жылға қарай елдің барлық ірі әуежайлары жаңартылады – Қасымбек
«Биыл Талдықорған әуежайының ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Келер апта ортасына қарай Орал қаласына қарай әуе қатынасы қайта жүре бастайды деп үміттенеміз. Енді Петропавл қаласының әуежайын жөндеу жұмыстары бойынша жобалау құжаттарын дайындап жатырмыз. Келер жылы Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын бастап кетпекпіз. Одан кейін 2020 жылға дейін Қостанай, Өскемен, Семей қалаларнда да осынау жұмыстар қолға алынбақ. Жалпы, 2020 жылға дейін елдің барлық ірі әуежайлары ИКАО халықаралық ұйымы стандарттарына сай жаңартылады», - дейді Ж. Қасымбек.
Сонымен қатар бірінші вице-министр су көлігі инфрақұрылымын дамыту туралы да айта кетті.
«Ақтау қаласындағы сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары жалғасуда. 3 құрлықтық жүк терминалы құрылысы арқылы оның қуаттылығы арта түспек. Нәтижесінде порттың өткізу мүмкіндігі 2,5 млн тоннаға дейін артады. Құрлық портына 3 млн тонналық қуаттылыққа ие паром кешенін салу жоспарланған. Осы мақсатта ҚТЖ Боржақты-Ерсай жолы құрылысы басталады», - дейді Ж. Қасымбек.
Индира Қауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Токио-2020: Спортшылардың олимпиададағы нәтижесіне талдау жасалды -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда