- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының билік пен бизнес өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Алматы облысының билік пен бизнес өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Отырыста өңір басшысы Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Оның айтуынша, «Талдықорған» индустриялды аймағы, Алакөл өзеніндегі демалыс аймағын дамыту мен облыс орталығын көркейту жобаларын іске асыруға кәсіпкерлердің де қатысуы қажет. «Бизнестің жол картасы-2020», ҮИИД, «Агробизнес-2020», «Экспортер-2020», «Өндірістік» мемлекеттік бағдарламалары осынау жұмыстарда үлкен жетістіктерге жетуге мол мүмкіндік ұсынып отыр», - деп хабарлайды әкімдік.
Отырыс барысында облыс әкімі А.Баталов пен облыстың Кәсіпкерлер палатасы директоры Ләззат Шыңғысбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Л.Шыңғысбаев «Кнауф Гипс Қапшағай» мен «Байсерке-Агро» кешендері үлгісіндегі кәсіпорын базаларындағы техникалық мамандарды оқыту қажеттілігін айтты. Сонымен қатар облыс аумағында кәсіпкерлер үшін Инвестициялық орталық құру туралы ұсыныс тастады. «Қала мен аудан әкімдері кәсіпкерлердің ұсынып отырған жобаларын жан-жақты зерттеп, пайдалы деген жобаларға қолдау көрсеткендері жөн. Бастысы, облысымыздағы кәсіпкерлер арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұғымын енгізу қажет. Кәсіпкерлер өздерінің қара басы пайдаларын ғана ойламай, елдің әлеуметтік деңгейін арттыруға да көңіл аударулары керек», деді өңір басшысы. Оның айтуынша, басты мақсат – Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау. Сол себепті билік өкілдері мен кәсіпкерлер бір мақсатқа жету жолында бірлесе еңбек етулері керек. Әкімдік пен кәсіпкерлер палатасының күшін біріктіре отырып облыстағы кәсіпкерлік қызметтерге қолайлы орта қалыптастырылып, облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті арта түсетіні анық. Бұл өз кезегінде Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндік бермек.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары