- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарды
Н.Назарбаев: Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарды
Қазақстан Президентінің атап өткеніндей, біздің еліміз жаңа индустриялық бағдарлама аясында БАӘ, Иран, Түркия және Малайзиямен белсене жұмыс жүргізуде.
«2,5 миллиард доллар болатын перспективалы 15 жобамен жұмыс жасалуда және бұл бастамасы ғана», – деді Елбасы.
«10 мың шақырымнан астам автокөлік жолы, 2,5 мың шақырым теміржол салынды және қайта жөнделді. Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарды», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ауыл шаруашылығы мақсатындағы, жалпы ауданы 90 миллион гектарға жуық жерге ие бола отырып, азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық орталығына да айнала алады.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Ислам даму банкімен біздің елдің инвестиция тарту және ислам банкингін дамыту саласындағы ынтымақтастығының жемістілігіне назар аударды. Бүгінде бұл бағыт бойынша отандық экономикаға 700 миллионнан астам доллар инвестиция салынған.
Мемлекет басшысы 2007 жылы біздің еліміз БАӘ-мен бірлесіп, Қазақстанда 500 миллион долларды капитализациялау арқылы «аль-Хиляль» алғашқы ислам банкін ашуға шешім қабылдағанын еске салды. Қазіргі кезде Қазақстан Алматыны ТМД және Шығыс Еуропа елдері үшін исламдық қаржыландырудың өңірлік хабы ретінде көрсетіп отыр.
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспары бекітілді -
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды -
"Елбасы медалі" бағдарламасына 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады -
2022 жылға дейін әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін - министр -
Қазақстанда қашықтық форматта үздік мемлекеттік қызметшілер анықталады -
Е.Тоғжанов Коронавирусқа байланысты жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту түріне көшеді -
М.Сұлтанғазиев: Коронавирусқа байланысты Қытайдан келетін импорт көлемі азайды -
Ж.Бекшин: Қытайдан басқа мемлекеттерде коронавирусқа қатысты жағдай күрделенуде -
Қытайдан тағы 363 қазақстандық эвакуациялануы мүмкін -
Ж.Бекшин: Қытайдан келгендердің ешқайсысында короновирустың белгілері жоқ -
Б.Шәріп: 18 жасқа дейінгі балалар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі