- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 5,6 млрд теңгенің 949 нысаны жария етілді
Қазақстанда 5,6 млрд теңгенің 949 нысаны жария етілді
Министрліктің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға жалпы құны 49,3 млрд теңгенің мүлкін заңдастыруға 6 014 өтініш келіп түскен.
«Солардың ішінде 35,1 млрд теңгенің 4 734 тұрғын нысаны, 13,6 млрд теңгенің 3 017 тұрғын емес нысаны, соның ішінде 6,5 млрд теңгенің 502 коммерциялық нысаны, 0,7 млрд теңгенің заңды тұлғалардың үлесіне қатысу бойынша 13 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда 5,6 млрд теңгенің 949 нысаны заңдастырылды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ҚР аумағынан тыс жердегі мүлікті заңдастыру бойынша салық органдарына 2014 жылдың 27 қазанына дейін өтініш түспеген.
Мүлікті заңдастыру бойынша келіп түскен өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы көш басында (тиісінше 1727 және 1420). Үшінші орында Ақтөбе облысы белсенділік танытса, соңғы орында Маңғыстау облысы азаматтары. Олар науқан басталғаннан бері небары мүлікті заңдастыру бойынша 41 өтініш берген, деп хабарлайды ведомство.
ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылдың 27 қазанындағы есебінің мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 1 714,4 млн теңгенің қаражатын заңдастыруға арнайы жинақ шоты ашылған. Соның ішінде 334,6 млн теңге жинақ шоттарынан алынып, бюджетке 37,2 млн теңге қаражат түскен. ҚР экономикасына 1 млн теңге инвестицияланды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді