• Басты
  • Алматыда жыл соңына дейін екі жүзге жуық автобус сатып алынады
28 Қазан, 2014 18:19

Алматыда жыл соңына дейін екі жүзге жуық автобус сатып алынады

Алматыға жаңа 100 автобус алып отырмыз, жыл аяғына дейін тағы да 100 автобус келетін болады, деді муниципиалды автобус паркі үшін алынған газбен жүретін жаңа автобустардың тұсаукесер рәсімінде қала әкімі Ахметжан Есімов.

Алматыда жыл соңына дейін  екі жүзге жуық автобус сатып алынады | Strategy2050.kz

 «Қазіргі уақытта біздің коммуналдық меншігімізде 400 автобус бар. Бүгін біз газбен жүретін жаңа 100 автобус алып отырмыз, жыл аяғына дейін тағы да 100 автобус келетін болады. Бұлардан өзге біз 195 троллейбус, 17 трамвай және тауға қатынайтын көліктер алғанбыз. Барлығы - 850 бірлік, бұл қаладағы қоғамдық көліктің тең жартысы. Біз жеке тасымалдаушыларды да өздерінің парктерін жаңартып, экологиялық таза автобустарды алуға шақырамыз. Мұндай шаралар қала экологиясын жақсартумен қатар, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттырады», - деді Ахметжан Есімов.

Муниципалды парктердің тәжірибесі газбен жүретін автобустардың тиімділігі жоғары екендігін көрсетуде. Мысалы, «Казтрансгаз Өнімдерімен» келісім бойынша газдың бағасы бензин құнынан 40%-ға төмен, деп хабарлады қала әкімдігі.

Мегаполис басшысы қала экологиясын жақсарту туралы айта келіп, жеке тасымалдаушыларды газбен жұмыс істеуге ынталандыру шараларына да тоқталды.

«Келер жылы біз муниципалды облигацияларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Одан түскен қаржыдан біз жеке авопарктерге «арзан ақша» ұсынып, газбен жүретін автобустарды сатып алуды қажеттігін айтамыз. Жекешелер қазірдің өзінде бұл бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп отыр. Ол үшін бізге газбен жұмыс істейтін станциялардың көп болғаны жөн», - деді Ахметжан Есімов.

Жалпы, биылғы жылдың 9 айында қоғамдық көлік 153,5 млн. жолаушыны тасымалдаған.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды