- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ТМД елдері экономикасы деңгейіндегі энергетикалық тиімділік мәселесі қаралды (ФОТО)
Астанада ТМД елдері экономикасы деңгейіндегі энергетикалық тиімділік мәселесі қаралды (ФОТО)
Дөңгелек үстел қатысушылары зерттеу нәтижелерін таныстырып, әр елдің экономикасы деңгейіндегі энергетикалық тиімділік, өнеркәсіп салалары мен жекелеген кәсіпорындар мәселесін талқыға салды.
«Біздің зерттеудің басты ерекшелігі оның тәжрибелік бағытының, нақты сектор кәсіпорындары мүддесінде фокус пен іске асырылған жобалардың болуы. Энергетикалық тиімділік қазіргі заманның басты салаларының бірі болуымен қатар негізгі табыс көзі екені анық. Сол себепті зерттеу пайдалы болмақ. Бірінші кезекте бұл өнеркәсіп кәсіпорындарының менеджмент өкілдеріне қатысты», - дейді Қазақстан, Украина мен Беларусьтің таза технология және тұрақты даму саласындағы қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Виктор Коваленко.
Айта кету керек, энергетикалық тиімділік – өз кезегінде «көрінбейтін отын» секілді. Ол өнімнің өзіндік құнын азайтып, нақты сектор кәсіпорнының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Беларусь, Қазақстан мен Украинаның өнеркәсібіндегі энергетикалық тиімділікті арттыру бағдарламасының іске асырылуы энергияның үнемделуі мен электр қуатының бағасының тұрақтылығын сақтауға жол ашпақ. Бұл аталмыш зерттеу қорытындысынан шығып отырған пікір.
Сонымен қатар зерттеу барысында әр елдің экономикасы деңгейіндегі энергетикалық тиімділік көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы сарапталып, жекелеген кәсіпорындар туралы мәліметтер де талданды. Атап айтар болсақ, ең көп энергетикалық ресурс тұтынатын салалар көрсеткіштері зерттеліп, есептелді. Олар металлургия, отын-энергетикалық ресурстарды өндіру, энергетика, газ бен су өндірісі мен оны тарату, мұнай өнімдері өндірісі және басқалар. Және де есепте бірқатар сәтті жобалардың аты аталды. Олар энергетикалық тиімділікті арттыру арқылы өнімнің энергетикалық тұтыну деңгейін азайтуға бағытталған.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі