- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда егін алқабының 88%-нан 16,2 млн. тонна астық басылды
Қазақстанда егін алқабының 88%-нан 16,2 млн. тонна астық басылды
«2014 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 13,1 млн. гектардан астам (87,5%) жиналып, 12,3ц/га орташа өнімділік кезінде 16,2 млн. тонна астық басылды», - деп ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінен хабарлады.
Айта кетерлік жайт, негізгі астық егу өңірлерінде - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдардың егін жинау алқабы 11,5 млн. гектар құрады, 9,7 млн. гектар немесе жалпы егін жинау алқабынан 84,3% жиналды, 12,4 ц/га орташа өнімділігі кезінде 12,0 млн. тонна астық басылды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша дәнді дақылдардың егін жинау алқабы 15,0 млн. гектар (2013 жылдан 736,3 мың гектарға кем) құрайды.» Әртараптандыру бағдарламасының шеңберінде егістік жерлердің құрылымы елеулі өзгеруде. Мысалға, бидайдың егістік алқаптары соңғы 5 жылда 2 млн. га дейін (2009 жылғы 14,8 млн. гектардан 2014 жылғы 12,4 млн. гектарға) қысқарды. Бұл ретте басқа дақылдардың егістіктері арта түсуде. Атап айтқанда майлы дақылдардың егістік алқаптары 2009 жылғы 0,7 млн. гектардан 2014 жылғы 2,3 млн. гектарға дейін, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп 2009 жылғы 338 мың гектардан 2014 жылғы 413 мың гектарға дейін, жемдік дақылдар 2009 жылғы 2,5 млн. гектардан 2014 жылғы 3,3 млн. гектарға дейін артуда», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Ақмола облысында 3,8 млн гектар (93,6%) жиналды, 12,0 ц/га өнімділігі кезінде 4,6 млн. тонна астық басылды. Қостанай облысында 3,2 млн. гектар (77,4%) жиналды, 10,4 ц/га өнімділігі кезінде 3,3 млн. тонна астық басылды. Солтүстік Қазақстан облысында 2,7 млн. гектар (81,7 %) жиналды, 15,4 ц/га өнімділігі кезінде 4,1 млн. тонна астық басылды.
«Сол уақытта кейбір шаруашылықтарда егін жинау жұмыстары сұлатпа дестелегіштердің болмауынан, ауыл шаруашылығы техникасының тозуынан, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігінен, сондай-ақ бірқатар басқа себептерден 25%-ға кем аяқталды», - деп толықтырды АШМ.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша