ШҚО-да ЖҚЖК аясында 43 ауылдық кәсіпкер оқытылды – әкімдік

28 Қазан, 2014 14:02
Осы жылдың қазан айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Бородулихин ауданының 43 кәсіпкері ауылдық жерде кәсіп құрудың негізі туралы біліктіліктерін арттырды, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Қатысушылар мына тақырыптар бойынша дәріс тыңдады: бизнес-жоспарлау, маркетинг, кәсіпкерлік құқық, бухгалтерлік есеп пен салық салу.

«Оқыту қорытындысында тыңдаушылар өз ісін ашуда бизнес-жоспарларды жүзеге асыру бойынша керекті ақпарат алды. Курс аяқталған соң «Кәсіпкерлік негізі» бойынша серификатқа ие болды», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар