• Басты
  • Хайрушиндар әулеті: жалпы еңбек өтілі 151 жыл (ФОТО, ВИДЕО)
23 Тамыз, 2013 00:00

Хайрушиндар әулеті: жалпы еңбек өтілі 151 жыл (ФОТО, ВИДЕО)

Энергетика саласында кездейсоқ адамдар болмайды. Тек адами қасиеттері жоғары, өзінің ішкі отымен жан-жағындағыларды қуаттандыра алатын, өзінің жан сәулесімен бөлісуге дайын ерекше адамдар ғана бұл абыройлы кәсіптің иесі атанады.
Хайрушиндар әулеті: жалпы еңбек өтілі 151 жыл (ФОТО, ВИДЕО)

Ұлы Отан соғысының ызғарының куәгері болған Ғазиз Халимұлы Хайрушин 1919 жылы 15 мамырда дүниеге келді. Ал жылу электр стансасына 17 жасында келген. 22 жасқа толған шағында ІІ Дүниежүзілік соғыс басталып кетіп, жас өнер Ғазиз қанды қырғын басталғаннан Берлиндегі жеңіске дейін қару ұстап жүрді. 

«Жылу электр стансасы» - еліміздегі ең үлкен мегаполисті, яғни Алматыны, электр қуатымен қамтып отырған маңызды мекеме. Қазір мұнда 400-ден астам адам еңбек етеді. Бұл саланың негізін қалаушы – өзін алмастырған нағыз кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығарған ұстаз, өлшеусіз еңбек сіңірген энергетик Ғазиз Халимұлының еңбек өтілі 55 жылға тең. Еңбекқор, өмірлік ұстанымға берік және күш-қуатты Хайрушиндар әулетінің ұрпақтары отағасынан мамандықты мұраға алғандай болды. Олардың кәсібіне деген адалдығы – жасампаздық энергиясының мүшесі болған отбасының болашақтағы үлкен жеңісінің кепілі. 

Дәл осындай еңбекшілер әулеті ұлттық әлеуметтік саясатымыздың тұрақтылығы мен сындарлылығының кепілі. Бұл жаһандық түйткілдер жағдайында мемлекеттің тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында өз ісінің осындай қас шеберлері жайында айтып өткен болатын. Еңбек адамы, өнертапқыштар, біздің республикамыздың әрбіз азаматы үшін бой түзейтін үлгі болуы тиіс. 

«Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады. Тек бүкіл әлемде ғана емес, сондай-ақ тіпті дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады. Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады», - делінген Елбасы мақаласында. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды