- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау кемежайының қуаттылығы 2015 жылы ҮИИД МБ аясында жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізіледі
Ақтау кемежайының қуаттылығы 2015 жылы ҮИИД МБ аясында жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізіледі
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1 қазандағы Маңғыстау облысына іс-сапары аясында облыстың орналасу аумағын тиімді пайдалануға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына назар аудара отырып, өңірдің оң сипатта дамып келе жатқандығына тоқталған болатын. « Ең бастысы - Ақтау теңіз порты. Біз бұл бағытты жан-жақты дамытатын боламыз», - деп атап өтті Елбасы.
Белгілі болғандай, Ақтау теңіз порты - ол Қазақстанның экспорттық-импорттық және транзиттік жүктерін тасымалдайтын мультимодельді жүйесін «біріктіретін орталық» ретінде есептелетін «батыс қақпасы». Қазақстан Каспий бассейніндегі басты жүк жинайтын мемлекет болып табылады және осы ретте Ақтау портының үлесі жалпы Каспийдің жүк тасымалында 30% құрады.
Бүгінгі таңда, кемежайдың өткізу қуаттылығын арттыру мақсатында оны солтүстік бағытта кеңейту және 3 жүк терминалының құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, 2012 жылы қорғаныстық гидротехникалық нысан пайдалануға берілді. Ал, 2013 жылы жаңа айлақты тереңдету жұмыстары жүргізілді. Сингапурлық компаниямен бірлескен кәсіпорын құрылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсан айында бидай тасымалдайтын қуаттылығы 1,5 млн тонна терминалды пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 2 терминалды пайдалануға беру 2015 жылға қалдырылған.
ҮИИД МБ табысы жүзеге асыру Ақтау кемежайының қуаттылығын 2015 жылы жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады