- Басты
- Жаңалықтар
- Л.Турешова: Ел бірлігі – қазақстандық қоғамның ең басты құндылығы
Л.Турешова: Ел бірлігі – қазақстандық қоғамның ең басты құндылығы
«Евраскон» ААҚ мердігерлік компаниясының 150-ге жуық өзге ұлт өкілдерінің алдында сөз алған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының басшысы Л.Турешова шараның басты мақсатын, Қазақстанда түрлі этностар тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын, елдің татулығы мен ауызбіршілігі, достығы мен бірлігі – ең басты құндылығымыз ретінде оны сақтау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, өңірдің ірі өндіріс ұжымдарында Қоғамдық келісім кеңестерін құру жұмыстарына тоқталып, аталған кеңестің зор мүмкіндіктерін сөз етті.
«Концерт барысында өзбек этномәдени орталығының төрағасы А.Хамидов, татар этномәдени орталығының белсенді мүшесі Р.Смаханова, «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығының белсенді мүшесі А.Триновалар да республикамызда, өңірімізде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді қалыптастыруда бірлестіктердің одан әрі жұмысты жалғастыра беретінін атап өтіп, оған барлығының үлес қосуына шақырды. Қатысып отырған жұмысшыларға жылы лебіздерін айтып, орталықтарының атынан музыкалық сәлемдерін тарту етті», - делінген хабарламада.
«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге, қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасы айтқандай, елдің татулығының, бірлігінің сақталып келе жатқанының айғағы ретінде облысымызда ауқымды шаралар жалғасын табуда.
Игі шарада «Евраскон» ААҚ мердігерлік компаниясының жұмысшылары назарына Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, Сыр елі жайлы бейнематериалдар ұсынылды.
Шара соңында компания басшысы М.Мансұров сөз алып, Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің тұрақтылығына қызығушылығын білдіріп, келісім-шарттары аяқталғаннан кейін де басқа жобалар бойынша жұмыстарын жалғастыра беретінін жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен шілде айынан бастап облыс көлемінде «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега жобасы аясында «Достық керуені» жұмыс атқарып келеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері