- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей 2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды – ҚР МСМ
Қазақстан мен Ресей 2014-2016 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды – ҚР МСМ
«ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен РФ мәдениет министрінің орынбасары Григорий Ивлиев қол қойған бағдарламада тараптар мәдениет пен өнер саласындағы өзара әріптестікті кеңейту мәселелерін қарастырып, гуманитарлық салада Қазақстан мен Ресей халықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен ары қарай дамыту бойынша тұтастай шаралар кешенін өткізу туралы келісімге қол қойды. А.Мұхамедиұлы мен В.Ивлиев тату көршілік қатынас пен одақтастық негізіндегі ортақ тарихи тамыр мен қатынасқа ие мемлекеттер арасындағы тығыз мәдени байланыстарды орнатудың маңызды құралы ретінде бағдарламаға ерекше назар аударды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей өкілдері екі елдің шығармашылық ұйымдары арасындағы байланысты орнату, аталмыш мемлекеттер аумағында өткізілетін байқаулар мен халықаралық фестивальдерге музыкалық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуына, Қазақстан мен Ресейдің театр ұжымдары мен труппаларына қолдау көрсетуге назар аударылып отыр.
Сонымен қатар, Ынтымақтастық бағдарламасына тарихи-мәдени мұраны есептеу, сақтау, қалпына келтіру, қолдану мен насихаттау саласындағы әріптестік мәселелері мен кітапхана қызметі мен мұрағат ісі саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыру шаралары енгізіліп отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады