• Басты
  • Н. Садуақасов: Мемлекеттік бағдарламалар ШОБ дамуына негіз болуда
27 Қазан, 2014 17:58

Н. Садуақасов: Мемлекеттік бағдарламалар ШОБ дамуына негіз болуда

Қостанай облысында 2014 жылы қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің физикалық индексі 104% деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл туралы өңірдің 9 айлық әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қорытынды кеңейтілген кеңесте облыс әкімінің орынбасары Евгений Аман мәлім етті.

Н. Садуақасов: Мемлекеттік бағдарламалар ШОБ дамуына негіз болуда | Strategy2050.kz

Ол атап өткендей, аймақтың дамуында қайта өңдеу өндірісінің үлесі басым. Аталмыш сектордың өсімі 5,6% (171,1 млрд теңге) құрады. Тамақтану - 9,3%-ға, металлургия өндірісі - 8,2%-ға, машинақұрылысы - 1,8%-ға өсті. Бүгіннің өзінде машинақұрылысы саласындағы кәсіпорындардың  үлесі қайта өңдеу саласында 23%-ға жуық.

Аймақ басшысының орынбасары баса айтқандай, облыстың одан ары экономикалық өсімі Қазақстанның үдемелі индустриалды инновациялық дамуы аясында жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар есебінен болады деп күтілуде.

Сонымен, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 65 несие бойынша пайыздық үстемақы қайта субсидияланды. Бизнеске 1,2 млрд теңге субсидия төленді. Бұдан басқа, 27 кәсіпкер банктегі несиесі бойынша 62,5 млн теңгеге кепілдеме алды. «Өндірістік инфрақұрылымның дамуына 1,1 млрд. теңге бөлінді. Нәтижесінде кәсіпорындар жетпей жатқан коммуникациясын жүргізуге және өз бизнесін дамытуға мүмкіндік алды. Бағдарламаны жүзеге асыру кәсіпкерліктің дамуына өз септігін тигізуде. Шағын және орта бизнес субъектілерінің белсенді өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 12,5% құрады», - деп толықтырды ол.

««Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2014 жылы 5 млрд теңге қарастырылды. Ағымдағы жылы 110 жоба іске қосылып, бас-аяғы 1242 жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері оның 1016-ы ашылды. Жұмысқа орналасуға көмектесу шараларымен 11 мың адам қамтылды, олардың 10 мыңы жұмысқа орналасты, кәсіптік оқуға – 686 адам жіберілді, 455 адам микронесие алды. Жұмыспен қамту шаралары облыстың еңбек нарығына оң әсер етті», - деп атап өтті Е. Аман.

Ал, облыс әкімі Нұралы Садуақасовтың айтуынша , «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы тұрғын үй қырылысына аймақта  5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылды. Бұл 2013 жылдан  10%-ға жоғары. Оның ішінде 3,3 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй кезекте тұрғандарға, 5,3 мың шаршы метр жалға берілетін баспана жас отбасына арналған. Жалпы, 1481 пәтер пайдалануға берілді.

Келелі кеңес қорытындысы бойынша аймақ басшысы Нұралы Садуақасов жергілікті атқарушы органдарға жыл соңына дейін орындалуы тиіс нақты тапсырмалар берді.

«Біз көріп отырғандай әлеует толығымен пайдаланып отырған жоқ. Мемлекеттік бағдарламалар ШОБ дамуына негіз болуда. Оларды толығымен пайдалану керек», - деп түйді облыс әкімі. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды