- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада өтетін ІV инвестициялық форумда 11 меморандумға қол қою жоспарланған
Қызылордада өтетін ІV инвестициялық форумда 11 меморандумға қол қою жоспарланған
Оған 300-ден астам мейман келеді деп күтілуде.
Оның 60-тан астамы АҚШ, Түркия, Ресей, Нидерланды, Чехия, Польша, Малазия, БАӘ, Беларуссия, Тәжікстан, Жапония және Өзбекстанның инвесторлары мен бизнес өкілдері.
Екі күнге созылатын инвестициялық форум аясында 11 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.
«Жалпы, бұл форум жарты жыл сайын өткізіліп келеді. Осыған дейін, 38 меморандумға қол қойылды. Басты жетістік Қызылордада шыны зауытының салынатындығы. Инвестор ретінде ирандық «Kaveh Glass Industry» компаниясы белгіленді. Жоба құны 52 млрд. 100 млн. теңге. Зауыттың жылдық қуаттылығы 197 100 тонна болмақ. Шығарылған өнімнің 30 пайызы шет елге экспортталатын болады», - делінген хабарламада.
Осы форум аясындағы келіссөздердің нәтижесінде қызылордалық 82 түлек Мәскеуде, 25-і Санкт-Петербургтың маңдайалды оқу орындарында білім алуда.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен қол қойылған меморандум нәтижесінде көгілдір таза отынмен жүретін 20 жаңа автобус әкелінді. Алда дәл осындай 100 автобус келеді. Сондай-ақ, «Жанрос Дриллинг» ЖШС, «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК банкпен тығыз байланыста жұмыс жасауда. Бұл бұған дейінгі өткен форумның нәтижесі.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды