- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО Астанада өткен жәрмеңкеде 760 тоннадан астам өнім ұсынды
СҚО Астанада өткен жәрмеңкеде 760 тоннадан астам өнім ұсынды
«Біздің облыс атынан бұл жәрмеңкеге 62 кәсіпорын қатысып отыр. Солтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылық өндіріс көздері даму үстінде, жыл сайын өнім өндіру екпіні ұлғайып келеді. Солтүстік Қазақстан облысының 13 ауданы және Петропавловск қаласы аталмыш жәрмеңкеде 760 тонна ауыл шаруашылық өнімін саудаға шығарды. Соның ішінде, 400 тонна көкөніс, 60 тонна ет, 15 тонна сүті өнімдері, 15 тонна шұжық, 20 тонна ұн, 10 тонна кеспе, 15 тонна бал, 15 тонна балық және 220 тонна өзге өнімдер», - деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Владимир Бубенко.
Хабарланғандай, жәрмеңкедегі тауардың бағасы қалыпты бағадан 15-20% арзан болды.
«Астанада тамақ та, дүкен мен базарлар да бар. Бірақ, өзге өңірлер Астанаға үлкен ниетпен келіп, өздерінің өндірген өнімдерін көрсетуге келеді. Бұл Астана мен облыстардың арасын жақындастыру, таныстыру. Сондықтан ары қарай да таныстығымыз, қарым-қатынасымыз дамуға тиісті», - деп атап өтті Астана қаласы мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов.
Молшылық жәрмеңкесі өңірлерден келген көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздыры - 170 өнерпаздардың концертімен өрілді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда