• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елордада ЖҚЕ бұзушылығын тіркейтін фото мен бейне инновациялық жүйе орнатылды

Елордада ЖҚЕ бұзушылығын тіркейтін фото мен бейне инновациялық жүйе орнатылды

27 Қазан, 2014 16:03
Астанада өткен аптаның қорытындысы бойынша фото мен бейнеге түсіру жүйесімен жалпы сомасы 7 млн теңге құрайтын, 400-ге жуық бұзушылық анықталды, деп елордалық ІІД хабарлады.

«Жол қауіпсіздігін бақылау саласындағы осы технологиялар «Астана қаласының тіршілік әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі» жобасын жүзеге асыру аясында қарастырылған», - делінген хабарламада. 

Астананың көлік құралдарының қозғалысы қарқынды болатын негізгі 10 магистральдық қиылысында 21 қазаннан бастап  жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын фото мен бейнеге түсіру жүйелері орнатылды.

Жалпы, 2017 жылға дейін жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын фото мен бейнеге түсіру жүйесі 350 қиылысқа орнатылады.  

Барлық жаңалықтар