- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Кореяның тәжірибесіне сүйене отырып өнертапқыштық және креативті ойлау әдісі бойынша семинар басталды
Астанада Кореяның тәжірибесіне сүйене отырып өнертапқыштық және креативті ойлау әдісі бойынша семинар басталды
«Бүгін үш күнге созылатын семинардың ашылу салтанаты өтті. Президент білім саласы алдында үлкен міндеттер қойды. Ол - адам капиталын дамыту және аталмыш семинар аясында инновация, өнертапқыштықты енгізу мен креативті ойлау және оны дамыту тақырыбы маңызды. Осы ретте Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мол және біз оны үйренсек артық етпейді. Жалпы бүгінгі семинар тек білім саласына ғана емес, еліміздің инновациялық әлеуетін дамыту саласына да бірдей тиімді», - деп сендірді ҚР білім және ғылым вице министрі Есенғазы Иманғалиев.
Атап өткендей, семинарда Дүниежүзілік өнертапқыш-кәсіпкер әйелдер қауымдастығының президенті Хан Мин Енг, Йанзин мектебінің директоры, «Өнертапқыш - 2011 саласындағы Корея білімі» байқауының жеңімпазы, Сеул қаласындағы білім беруге қолдау көрсету басқармасының өнертапқыштық курстары бойынша ұстаздары және өзгеде мұғалімдер лекция оқыды.
«Менің байқағаным, Қазақстандағы білім саласы жоғары деңгейде. Жаңа дәуір заманауи технологияларды жасақтауға негізделген және ол мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын құрамдас бөлігі. Креативті ойлау күн өткен сайын Қазақстанда маңызы арта түсуде. Бұл мені қатты қуантып отыр», - деп толықтырды Дүниежүзілік өнертапқыш-кәсіпкер әйелдер қауымдастығының презиенті Хан Мин Енг.
Сонымен қатар, аталмыш семинардың мақсаты Қазақстандағы білім саласындағы мекемелердің өнертапқыштық және креативті ойлаудың бірегей әдісін енгізу.
Индира Кауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды