- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны көбеюде
Алматыда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны көбеюде
20 қыркүйек күні Алматыда тілдер Күніне орай «Ана тілім – ардағым» атты фестиваль болып өтті. Шараның ашылуына қала әкімі Ахметжан Есімов қатысты.
«Ресми ақпарат бойынша, Алматының 55 пайызы тұрғылықты халық. Өзге ұлттар арасында қазақ тілін меңгергендер саны 22 пайызды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға жоғарылаған, ал мемлекеттік тілді білмеушілердің қатары 4,5 пайызға төмендеген», - деді Ахметжан Есімов.
Бүгінгі таңда қазақ тілді мектепте білім алатын оқушылар саны 30 мыңнан артылады. Алматы қаласының 60 мектебі қазақ тілінде білім беруде. Болашақта 58 жалпы білім беру мекемесін қазақшаландыру жоспарланып отыр.
Қала басшысы атап өткендей, мемлекеттік тілдер саясатын дамытуға барлық жағдай жасалуда. Қазақ тілін дамыту үшін аудиокітаптар мен 125 анимациялы фильм түсірілді.
Шара соңында қала әкімі қалалық конкурстардың жеңімпаздары «Ең үздік аудармашы» - Шашаев Ерғали, «Қазақ тілінің ең үздік мұғалімі» - Ержанова Сәрсен, «Үздік журналист» – Балаубаева Бағдагүл, «Үздік радиожурналист» - Жұмаханова Құралай, «Үздік интернет-журналист» - Ержанұлы Ерлік пен «Абай оқуларының жеңімпазы» Оразаева Лияны марапаттады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты