- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚТЖ»ҰК» АҚ дуальді жүйе бойынша 467 студентті оқытты
«ҚТЖ»ҰК» АҚ дуальді жүйе бойынша 467 студентті оқытты
2014-2015 оқу жылдарында ҚазККА Ақмола колледжінің бір топ студенті дуальді жүйе бойынша білім алуда. Колледждегі оқу курсы аясында студенттер бір апта теориялық білім алса, бір апта Астана локомотив және жөндеу депосында тәжірибеден өтеді.
Оқытудың дуальді жүйесі студенттерге теориялық білім берумен қатар таңдаған мамандықтары бойынша өндірістік тәжірибеден өткізуді көздейді.
««ҚТЖ»ҰК» АҚ-ның Көліктегі технологиялар орталығында (КТО) студенттердің алған білімдерін өндірісте қолдана білуі үшін барлық жағдай жасалған. Бұған қоса, елордадағы локомотив депосы секілді сала мекемелері өндірістік тәжірибеден өтуге үлкен септігін тигізбек», - делінген хабарламада.
Болашақ теміржолшылар үшін оқу бағдарламасы бес мамандық бойынша жүзеге асырылуда: «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Темір жол көлігі тасымалын ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Темір жол көлігі қозғалысын басқару және автоматика, телемеханика», «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», «Электрқамсыздандыру».
«ҚТЖ»ҰК» АҚ-да дуальді оқыту жүйесі ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан темір жолы компаниясының және 17 салалық колледж арасындағы көпжақты келісімге қол қою нәтижесінде 2013 жылдан бері қолданылып келеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы