- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ҮЕҰ-ға салықтық рақымшылық өткізу ұсынылуда (Брифинг бейнебаяны)
Қазақстанда ҮЕҰ-ға салықтық рақымшылық өткізу ұсынылуда (Брифинг бейнебаяны)
«Таяуда Қазақстанда мүлікті заңдастыруға байланысты капиталға рақымшылық жүргізілді. Менің ойымша, осынау шараны үкіметтік емес ұйымдар үшін де салықтық рақымшылық өткізу керек. Мұндай шаралар бұрын 90-шы және 2000-шы жылдарда да қолға алынғаны белгілі. Олардың көпшілігі заңнаманы дұрыс түсінген де жоқ. Үкіметтік емес сектордың дамуына жаңа серпін беру үшін аталмыш бастаманы орынды санаймын», - дейді Марат Бәмішов.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда ресми түрде мүлік пен капиталды заңдастыру науқаны басталды. Капиталға рақымшылық жасауды қарастыратын заң жобасын Парламент биылғы жылдың маусым айында қабылдады. Құжаттың толық аты – «Мүлікті заңдастыруға байланысты Қазақстан Республикасы азаматтары, оралмандар мен Қазақстан Республикасын мекендеу қағазы бар тұлғаларға рақымшылық жасау туралы». Капиталды заңдастыру мерзімі – 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығы.
М.Бәшімовтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда қоғамдық кеңес жұмыстарын қалпына келтіру керек. «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті өте маңызды, 20 жылда ол айтарлықтай дамыды».
Сонымен қатар, ол қазіргі таңда мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен жұмысты күшейту керектігін тілге тиек етті.
Айта кету керек, сарапшының айтуынша, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 27 мың үкіметтік емес ұйым тіркелсе, қазіргі таңда соның 8400-і белсенді түрде жұмыс істеуде.
Камила Амирова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады