- Басты
- Жаңалықтар
- Нью-Йоркте «Мәңгі даланың үні» көрмесі ашылды
Нью-Йоркте «Мәңгі даланың үні» көрмесі ашылды
Нью-Йоркта «Мәңгі даланың үні» атты көрме ашылып, оның аясында белгілі қазақстандық және америкалық суретшілердің жұмыстары қойылды.
«Мәңгі даланың үні» шеңберінде Талғат Тілеужановтың суреттерімен қатар Бахытнұр Бүрдеспеков, Досбол Қасымов, Ербол Хамиров, Мейіржан Нұрғожин секілді белгілі суретшілердің, сондай-ақ бірегей мүсінші Асқар Нартовтың жұмыстары қойылды.
Аталған жұмыстар Нью-Йорктың атмосферасына қазақ мәдениетінің рухын енгізіп, америкалық қоғамның шынайы қызығушылығына ие болды.
Көрмеде Адам Кросс, Коллин Блэкард, Джанет Кук, Лейла Элиас, Микл Приттимен мен Пит Дайдрич секілді американдық суретшілердің қазақстандық тақырыпқа қойылған жұмыстары қосымша әсер алуға септігін тигізді.
Көрме ұйымдастырушысы, қазір АҚШ-та тұратын Берік Күлмамиров Америкада біздің өнерге деген және жалпы Қазақстанға деген қызығушылықты байқап, көрме ұйымдастыру туралы ой келгенін айтты. Бұл оның осындай іс-шаралар ұйымдастырудағы бірінші жобасы емес. Сонымен бірге, ол өзінің суреттерін АҚШ-тың түрлі галереяларында қойып келеді. «Мәңгі дала үні» жобасында да оның екі суреті қойылды.
Көрме Нью-Йоркта қазан айының соңына дейін жалғасатын болады. Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен көрме 27-31 қазан аралығында БҰҰ ғимаратында қойылатын болады.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды