- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 8 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым белсенді қызмет етуде
Қазақстанда 8 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым белсенді қызмет етуде
«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 27 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Соның ішінде қазіргі таңда 8400 ұйым белсенді қызмет етуде. Кейбірінің жабылып қалуына өзіндік себептері де жоқ емес», - дейді М.Бәшімов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде азаматтық қоғам әбден қалыптасып, өзінің даму жолына түскен.
«Біздің заңнама бұған толықтай мүмкіндік береді. Өзге елдерде, мысалы Батыс Еуропамен салыстырар болсақ, ондағы үкіметік емес ұйымдарға қатысты заңнама барынша қатал. Біздегі үкіметтік емес ұйымдардың 54 пайызы қызмет етіп жатыр, әрқайсысының өзіндік салалары бар», - дейді.
Сонымен қатар, азаматтық альянс Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру мәселесін көтеріп жатыр. Оларды гранттық негізде қолға алу керектігін айтуда. «Ол үшін мемлекеттік емес секторлардың әлеуметтік қызметтерін стандарттау керек. Азаматтық альянс ашықтық, үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ел алдында есеп беруі және кәсібилігін арттыру керектігін алға тартады», - дейді Еуропа құқығы жәнә адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов.
Камила Амирова
Фото Азамат Алиев
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары