- Басты
- Жаңалықтар
- АЭА ИТП қатысушы кәсіпорындарының саны 156-ға жетті- Есімов
АЭА ИТП қатысушы кәсіпорындарының саны 156-ға жетті- Есімов
Мегаполис басшысы арнайы экономикалық аймақтарды құру Ұлттық экономиканы үдемелі индустриалды-инновациялық жолмен дамытудың маңызды құралы екендігін атап өтті. Мемлекет басшысының қолдауы арқасында осы аймақтағы компаниялардың жұмысын жақсартуға қол жетті, оларға салықтық және кедендік жеңілдіктер көрсетілді.
«Жүзеге асқан шаралар барысында АЭА ИТП (СЭЗ ПИТ)-не қатысушы кәсіпорындар қатары 2006 жылы небәрі 6 болса, бүгінгі күні 156-ға жетті. Егер келер жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлінсе, онда ол толық игерілетін болады. Барлық коммуникациялар жүргізіліп, құрылыс келер жылдың тамыз айында аяқталады. АЭА ИТП (СЭЗ ПИТ)-нің аумағы ұлғаяды», - деді Ахметжан Есімов.
Бұдан өзге, қала әкімі АЭА ИТП-індегі компанияларды мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырды. Мысалы, жыл басынан бері «Мемтапсырыс» акциясында «Самрұқ-Қазына»ҰӘАҚ компанияларына алматылық өндірушілердің өнім беруі 2,5 есе артқан, 2013 жылы өнім көлемі 777 млрд. теңгеге жеткен.
«Инновациялық технологиялар паркінің компаниялары жыл сайынғы «Мемтапсырыс» акциясына қатысу үшін ұлттық компаниялардың талабын зерттеуі қажет. Сонда олар өз тауарлары мен қызметтерін ұсына алады», - деді Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде ҚР-ы Инвестиция және даму жөніндегі министр Әсет Исекешев өтіп жатқан Форумның маңыздылығын айтты.
«Форумның мақсаты - АЭА ИТП аумағына енгізуге болатын жобаларды көрсету. Ұлттық компанияларды отандық құрылымдарды жасауға және біздің инноваторларды қолдауға шақырамын», - деді Ә.Исекешев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты