Елбасы 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысады

25 Қазан, 2014 13:03
28 қазанда Қазақстан Президенті Дубайда өтетін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 ««Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері қатысады», - делінген хабарламада.

Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы – Ислам Конференциясы ұйымына мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті. 

Барлық жаңалықтар