• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысында моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 266 жоба жүзеге асырылды

Қарағанды облысында моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 266 жоба жүзеге асырылды

24 Қазан, 2014 16:48
Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асырғаннан бастап 15838,3 млн.теңге сомаға 266 жоба іске асырылған.Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлімдеді.

«Қарағанды облысында 8 моноқала: жоғары әлеуетпен – Теміртау, орташа әлеуетпен:  Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Балқаш, Шахтинск, Саран, Абай. Оларда халықтың  42% тұрады.  Өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі моноқалалардың үлесі 70%-ды құрайды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы санының 35% кәсіпкерлік қызметпен айналысады», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, әрбір моноқала  үшін 2013-2015 жылдарға арналған Кешенді даму жоспары әзірленген. Негізгі екпін экономиканы әртараптандыруға және қала құрушы кәсіпорындарға тәуелділікті төмендетуге бағытталған.

«Моноқалаларды дамыту бағдарламасын іске асырғаннан бастап (2012-2014 жж.) 15838,3 млн.теңге сомаға 266 жоба іске асырылған, оның ішінде бағыттар бойынша: Экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту 1487,5 млн.теңге;әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту 14350,8 млн.теңге.Нәтижесінде, кедейлік шегінен төмен тұратындар саны 20%-ға төмендеді», - деді ол.

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне бір жарым еседен артыққа өсті (152,5%) – немес 73,4 млрд. теңге. Бөлшек сауда айналымы 7%-ға өсті, облыстағы сауда көлемінің 20%-дан астамы өндіріледі (бөлшек сауда айналымының көлемі – 93,9 млрд.теңге).

««Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға» 7234,2 млн.тенге (денсаулық сақтау – 267,1 млн.тенге; білім беру – 851,4 млн.тенге; мәдениет – 91,3 млн.тенге; жолаушылар көлігі және автожолдар - 2 788,6 млн.тенге; құрылыс – 2 358,5 млн.тенге; энергетика және коммуналдық шаруашылық  – 877,3 млн.тенге) көзделген», - деді ол.

Индира Қауметова 

 

Барлық жаңалықтар